Жарнама
Жаңалықтар

Инвестициялар тарту бойынша Атырау өңірі республикада алдыңғы орында

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде сыртқы инвестиция – 902 млрд теңге, ішкі инвестиция – 1,5 трлн теңге. Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды. 

«Облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестиция 3,5 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет және басқа бағыттарға тартылды», — деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Оның айтуынша, облыста 3 инвестициялық жоба іске асырылуда.

«Қазіргі уақытта құны 76 млрд теңгені құрайтын Атырау вагон жасау зауытының құрылысы басталмақ. Зауытта 1 700 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, сұйытылған газ сақтау қоймасы. Жобаның құны – 18 млн АҚШ доллар. Ауыл шаруашылығы саласында ауданы 5,6 га құрайтын жылыжай салынады. Жобаның құны – 8 млрд теңге. Бұл инвестициялық жобалар 2024 жылы іске қосылады», — деді аймақ басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button