Жаңалықтар

Instagram балаларға арналған жаңа ереже енгізді

Instagram жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді енгізді. Әлеуметтік желі енді жасөспірімдерге ұсынатын тақырыптарға көбірек көңіл бөледі, сонымен қатар «Үзіліс ал» мүмкіндігін енгізеді.

kaz.inform.kz таратқан мәліметке сүйенсек, әлеметтік желі қолданушыларға өздері жазылмаған жасөспірімдерді белгілеуге немесе атап өтуге тыйым салды.

Instagram сонымен қатар жасөспірімдерді ұзақ уақыт бойы бір тақырыпқа назар аударған болса, басқа тақырыптарды қарауға шақырады. Ата-аналар балаларының Instagram-да қанша уақыт өткізетінін көріп, уақыт шегін белгілей алады.

«Үзіліс ал» мүмкіндігі пайдаланушыларға қосымшаға көп уақыт жұмсаған жағдайда әлеуметтік желіден үзіліс ұсынады. Бұл қызмет АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Жаңа Зеландия және Аустралияда іске қосылады.

Бұрын Instagram ересек қолданушыларға оларға жазылмаған жасөспірімдерге хат жолдауға тыйым салды, сонымен қатар 16 жасқа толмаған балалар үшін жаңа аккаунттарды жеке етіп жасады.

Әлеуметтік желі көптеген сын айтылғанына байланысты Instagram Kids қосымшасының балаларға арналған нұсқасын әзірлеуді тоқтатты.

Сондай-ақ, платформадағы контент түрлеріне шектеу қойылады. Әлеуметтік желіде миллиондаған жас қолданушы тіркелген. Шектеу толық іске қосылғаннан кейін, 16-17 жастағы жасөспірімдер қолданбаны қалауынша өзгерте алады. Бірақ 13-14 жастағылар үшін ата-анасының рұқсаты қажет. Компания мұндай өзгерісті платформада кәмелетке толмағандарға қарсы қауіптің алдын алу мақсатында жүзеге асырған. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button