Итке таланған атыраулық сәбидің бүгінгі жағдайы белгілі болды

rebenok bolnitsa Жаңалықтар

Атырау облыстық балалар  ауруханасында ем қабылдаған екі жасар сәбидің жағдайы жақсарды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 


Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша,  2 жасар бала аурухананың жарақат бөлімінде апта бойы ем алды. 


«Таңылған жара орындары жазылған соң,  тігістерін алдық. Баланың бас сүйегін компьютерлік томографияға түсірдік. Қазіргі уақытта бала үйінде. Хирургиялық өңдеу орындарына үй жағдайында анасы күтім жасап тұрады. Учаскелік дәрігердің бақылауында болады», – деді емдеуші дәрігері Жақсылық Мағзомов.  


Еске сала кетелік, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшам ауданынан 2018 жылы туған баланы ит талаған. Сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, 18 қараша күні сағат 16.00-де 2 жасар бала Атырау облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне анасымен бірге жатқызылған болатын.

Фото иллюстратив

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз