Инклюзивті білім: Ерекше балаларға ерекше қолдау 

b7a3749d 5099 491b 9eed f334d901d65a Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі, ерекше балаларға ел қатарлы білім беріп, дамыту бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Ал, осы мақсатта еңбек етіп жүрген педагогтердің еңбегі өлшеусіз. Олардың да өзге ұстаздар секілді білім, білігін жетілідіріп, өзара тәжірибе алмасып отыруы аса маңызды. Атырау қаласындағы «Silk way» мектеп-лицейінде өткен «Арнайы және инклюзивті білім беру: өзгерістер жолында» атты өңірлік форумда бұл жайында жан-жақты айтылды.  

e4b2a178 fc08 4b9c 8ffe acbf6e2e97ff

Іс-шараға көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қатысып, білім берудің тиімді тәсілдері мен әдістерін өзара зерделеп, мазмұнды ойлар, жаңашыл ізденістерін ортаға салды. Олар бір күндік форум барысында қаладағы арнайы және инклюзивті білім берумен айналысатын бес білім беру ұйымдарында болып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

ec12385f 4640 4c5a 9f1d 6f1efb09448a

Форумға қатысқан «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Айкерім Күдеринова білім беру саласында инклюзивті білім берудің маңыздылығына тоқталып, мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан бастамаларды атап өтті. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытатын мектептерді жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету міндет екендігін жеткізді.

7bd9a4ce a44c 4853 9524 0b874f41f490

Облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Аққу Орынбасарованың айтуынша, қазіргі кезде облыста ерекше білім беру қажеттілігі бар 7000-нан астам бала бар.

– Мұндай басқосулар өңірімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда. Бұл форумның ерекшелігі – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» 30 жылдығына орайластырып өткізілуінде. Басты мақсаты –  арнайы және инклюзивті білім берудің басым бағыттары бойынша конструктивті пікір алмасу, сала мамандарының өзіндік педагогикалық зерттеу нәтижелерін, инновациялық ізденістерін таныстыру, озық педагогикалық идеяларды насихаттау. Өздеріңізге белгілі, жылдан-жылға ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны артуда. Ал, оларға педагогикалық, психологиялық қолдауды күшейтудің маңызы жоғары, – деді А.Елемесқызы.  

d560e605 19e4 431a b026 9251af86e8ed

Форум барысында сан жылғы ұстаздық ізденісі, абыройлы қызметі, кәсіби шеберлігі үшін бірқатар ардагер педагог облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталып, ерекше балалар әзірлеген ерекше сазды сәлемді тамашалады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Суретті түсірген  Ә.ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз