Индерліктер әскерилер мен волонтерларға ыстық бауырсақ ұсынды

aauauua e1713511708966 Жаңалықтар


Атырау облысының Индер ауданында жергілікті тұрғындар жұма күні әскери қызметшілер мен волонтерларға арнап ыстық бауырсақ пен самса пісіруді қолға алды, – деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Піскен тағам Жайық өзені бойында жағалау бекіту жұмыстарын жүргізіп жатқандарға таратылуда.

Айта кету керек, аудан бойынша тасқын суға қарсы дайындық жұмыстарына 520 мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ, 300 әскери қызметші тартылды. Олардың жұмысының нәтижесінде барлығы 460 мың құм салынған қап дайындалған.
 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз