Индерде Сайлаубек пен Сайлаугүл дүниеге келді

whatsapp image 2022 11 20 at 15 25 01 Жаңалықтар

Индер ауданының жұртшылығы саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасап жатқанда, ауданымызда екі сәби дүниеге келді.

Аналарымызды аудандық аналар кеңесінің төрағасы Светлана Жәрдемқызы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анаргүл Дюсубалиева арнайы құттықтап барып, естелік сый ұсынды.

Жас ана Бақытгүл Сапанова кесте тігерін, ал Әдемі Жаманқұлова атұстарын бауырына басып қуануда. Бұл олардың төртінші сабилері екен.
Құдай тіл-көзден сақтап, балалардың аман-есен өсіп кетулеріне тілектеспіз.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз