Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда көпқабатты үй өртеніп, 7 адам құтқарылды

Бүгін, 30 мамыр күні 10:35 сағатта Атырау қаласы Сырым Датов көшесінде орналасқан  6 қабатты үйлердің бірінің балконынан түтін шыққаны туралы шақырту түсті.

Шақырту орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші  қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттардың жануын анықтады.

Департамент қызметкерлерінің күшімен 7 адам , оның ішінде 5 бала  автосаты арқылы 5-ші және 6-шы қабаттан құтқарылды және де дәліз баспалдағы арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып 44 адам , оның ішінде 15 баланы эвакуациялады. 

«Өрт салдарынан 30 шаршы метр көлемінде тұрмыстық заттардың жануы болды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде  30 минут ішінде адамдар құтқарылып және өрт жойылып, өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button