Индерде Facebook қолданушысы жазаланды
Facebook арқылы өзгеге жала жапқан Индер ауданыны тұрғыны жазаға тартылды.
Индер аудандық сотында алғаш рет Индер аудандық полиция бөлімі тұрғынның арызы негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2-бөлігімен «Жала жабу» әрекетімен қозғаған іс бойынша 1977ж.т., азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ол Facebook желісінде жәбірленушінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін былапыт сөздерді жазып, яғни телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып жала жапқан.
Сот отырысында құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ қосымша лингвистикалық ғылыми зерттеу жұмыстарымен толықтай дәледенді.
Сот қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 26 маусымдағы Заңымен Қылмыстық кодекстегі 130-бап (жала жабу) қылмыстар қатарынан алынып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылды.