![Индерде бөгеттер нығайтылып жатыр 1 img 8313](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/img_8313-780x470.jpeg)
Индерде бөгеттер нығайтылып жатыр
Индер ауданында 34,5 шақырымды құрайтын 9 бөгетті қосымша бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Индер аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Габбасов мәлім етті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
![Индерде бөгеттер нығайтылып жатыр 2 img 8315](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/img_8315-1024x534.jpeg)
-Бүгінде Индербор кенті мен Елтай ауылдық округіндегі бөгеттерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Бөдене және Ынтымақ ауылында да осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған 18 техника мен 25 жұмысшы жұмылдырды. Ал қалған Жарсуат, Өрлік, Есбол, Көктоғай, Құрылыс ауылдарында келісімшартқа отыру шаралары жасалуда,- деді Ш.Габбасов.
Айта кетейік, республикалық маңызы бар тасжолы мен Индербор кентін байланыстыратын 7 шақырым жолды жөндеу жұмысының 90%-ы аяқталды.
![Индерде бөгеттер нығайтылып жатыр 3 img 8314 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/img_8314-1-1024x535.jpeg)
Онда төрт мал өткелі салынып, қосымша бір суағар құбырлары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында аяқталады деп жоспарланып отыр.