Индерде ас тұзын өндіру зауыты салынып жатыр

d5ab6a64 1727 4666 b20f 0c0403b27718 Жаңалықтар

«Бұл туралы Индер ауданының әкімі Салауат Өтеғұлов онлайн брифинг барысында мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда ас тұзын өндіру зауыты мен құрғақ құрылыс қоспаларын және шағын бұйымдарды өндіру зауытының құрылыс жұмыстарының көлемін 60 пайызға орындауды жоспарлап отырмыз.

Бұдан бөлек, шағын ауылдарда жолдар салынуда. Мәселен, Өрлік ауылының ауылішілік​ 10,8 шақырым автомобиль жолының құрылысы басталып, күні бүгінге 6,4 км автомобиль жолы салынды.

Бұдан​ бөлек, Индербор кентінің «Шығыс» және «Болашақ» мөлтек аудандарының және Бөдене, Жарсуат, Құрылыс ауылдарының автокөлік жолдары бойынша жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда» деді спикер Салауат Өтеғұлов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз