Айлығы шайлығынан ауыспайтын жас дәрігерлер неге қымбат көлік мінеді?

auto doctor Жаңалықтар

«Атырау» газетінде «Медициналық қызметтің сапасы халықтың көңілінен шықпай тұр» атты мақала жарық көрген болатын. Онда тілші бүгінгі дәрігерлер мен науқастардың арақатынасын, дәріханашылармен бірігіп ашқан «кәсіптерін», шалғай ауылдарда емханалардың жоқтығын, оған «жедел жәрдемнің» кешігіп жететінін өткір сынаған.

auto-doctor

Айтса айтқандай, бүгінде ауыра қалсаңыз, жаныңызға батқан ауруды бірге сезініп, сауығып кетуіңізге шынайы тілектес баяғының ақ халаттыларын табу қиын. Төсекке таңылған науқасты күтіп-баптайтын медбикенің көңілін табу да оңай емес. Сонда олар әуелдегі Гиппократқа берген анттарынан айнып кеткені ме? Бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпыз, өз ісіне адал жандар бар, бірақ қатары сиреп барады…

Екіншіден, облыстық ауруханаға бара қалсаңыз, есік алдында қаздай тізілген небір қымбат көліктерді көресіз. Оның бәрі де сол жерге қызметке орналасқанына көп болмаған жас дәрігерлердікі. Әңгіме, біреудің меншігінде емес, жас маманның табысында. Ал, біле білсем, олардың айлығы шайлығынан ауыспайды. Егер сол мамандар шын мәнінде білікті болса, ауыр науқастарды неге емдеп жазбайды? Ондайда басқа жаққа жолдама береді.

Үшіншіден, «жедел жәрдемнің» тек аса ауыр жағдайдағы науқасқа қана көрсетілуіне келіспеймін. Сонда, өзге науқастарға кім көмектеседі? Бұл пікірге келіспейтіндер болса, олардың да ойларын білгім келеді.

Мейірбек ХАМЗИЕВ.

Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз