
Жаңалықтар
Индерборда су деңгейі көтерілді
Жайық өзеніндегі су деңгейі бүгін таңертең сағат 09.00-дегі мәлімет бойынша Индербор кенті тұсында кешегімен салыстырғанда 52 сантиметрге көтерілді.
Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың айтуынша, өзендегі жалпы су деңгейі 307 сантиметр, ал биылғы маусымда су деңгейі барлығы 85 сантиметрге көтерілген.

Индер ауданы бойынша жаға бекіту жұмыстарына 54 арнайы техника, 408 қызметкер жұмылдырылған. Қазір ауданда Жайық өзенінің жағалауындағы қауіпті аумақтарға жалпы ұзындығы 10 500 метр бөгет соғылды. Ол жұмыстарға 37950 дана қапшық пайдаланылды. Тасқынға қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.

Облыстық жедел штаб