dsc 1407

«Алғабас-Жорықтың» жаңа мүмкіндігі

Жаңалықтар

«Қазсушар» РМК Атырау филиалы Индер өндірістік учаскесінің басшысы Сайлау Байбосыновтың айтуынша, аудан аумағымен «Бағырлай», «Ақсай», «Алғабас–Жорық», «Қурайлы сай» каналдары өтеді.

Оның жалпы ұзындығы 302 шақырымды құрайды. Бүгінде осы арналар арқылы аудандағы 30-ға тарта шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкер өз теңгеріміндегі 200 гектарға жуық егіндік алқабына су жеткізу үшін аталған мекемемен өзара келісім-шартқа отырған. Одан бөлек, осындағы алты ауылдық округ әкімдігі өз аумағында орналасқан жайылымдық жерлерді суландыруға осындай құжат жасасқан. Соған сәйкес, аудандағы атакәсіппен айналысып отырған шаруашылық құрылымдары қажетті сумен қамтамасыз етілуде.

Қазіргі уақытта қолданыстағы каналдардың түбін тереңдетіп, арнасын кеңейту бағытындағы жұмыстар қолға алынды. Өндірістік учаскеге қарасты төрт суландыру жүйесі қайта жаңғыртудан өткізу үшін коммуналдық меншікке берілді. Соның ішінде, «Алғабас–Жорық» каналында бұл жұмыс былтыр басталып, биылғы шілде айының соңына дейін оны толықтай аяқтап шығу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын жүзеге асырушы мердігер мекеме – «Сұңқар-Құрылыс» ЖШС болып табылады. Қалғандарының да тиісті жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Мұны «Казюжгипроводстройпроект» ЖШС міндетіне алған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған