Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысындағы апатты жағдайдағы үйлер көшіріледі

Атырау облысы Индер ауданында көп жылдан бері апатты жағдайда тұрған үйлердің тұрғындары көшіріле бастады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Дарын Шамұратов facebook парақшасында жариялады.

“Бұл мәселелер облыс әкімі С.Ж.Шәпкеновтың қатысуымен өткен тұрғындар жиындарында көтеріліп, облыс басшысының қолдауымен былтырғы жылдан бастап, ұзақ жылдар қордаланған проблемаларды шешуде облыстық бюджет тарапынан пәрменді шаралар қабылдануда.

img 1768

Атап айтсақ, өткен жылы Индербор кентіндегі апатты деп танылған З.Қабдешев 2 тұрғын үйдегі 16 тұрғынға  тұрғын үй алып берілсе, биылғы жылы аудандық мәслихат, қоғамдық кеңес және қоғам белсенділерінен құралған комиссия тұрғын үйлерді зерделеп, ең бірінші кезекте апатты жағдайда тұрған Қабдешов көшесіндегі 3 тұрғын үйдегі 24 отбасының тұрғындары  көшірілуде”,- деп жазды ол.  

img 1766

Сондай-ақ, аудан әкімі үйлер сүріліп, орындары тазаланатынын және мемлекет қажеттілігіне сай басқа мақсатқа қолданылатынын жеткізген.

“Ең бастысы, көп жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан апатты үйлерді көшіру бойынша сең қозғалды және бұл жұмыстар жалғасады. 

Жалпы ақпарат ретінде айта кетсем, бүгінде Индербор кентіндегі жалпы  көпқатарлы– 65 тұрғын үй болса, оның ішінде 1963-1978 жылдары аралығында салынған  20 тұрғын үй апатты үйлер санатында. Қазіргі уақытта аталған апатты үйлерде 604 адам тұрады”,- делінген жазбада. 

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button