125985968 3758755380841884 4732069728904919741 n

Атыраулық өнертапқыш қала көшелерін заманауи тұрғыда жарықтандырмақ (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Шаһар шырайы
13 / 100

Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен атыраулық өнертапқыш Ержан Нұрединовтің «Г» тәріздес жаяу өткелді жарықтандыруға арналған жоба «Мемлекеттік сатып алу» заңының 39-бабына сәйкес патенті немесе авторлық құқығы бар болғандықтан қаланың бір жерінде пилоттық түрде іске асатын болды.

«Менің жобам ұзақ жылдарға есептелген. Барлығын қалың және берік құбырлардан жасаймын, – дейді ол бізбен әңгімесінде. – Атыраудың жылдамдықты жақсы көретін жүргізушілері жол-көлік оқиғасы кезінде қондырғыны майыстырып құлатады. Осы орайда, мұнай-газ саласында пайдаланылатын жапсарсыз (бесшовный), қалыңдығы 8 мм құбыр – тірек (опора) ретінде орнатылатын болады.

Өздеріңіз көріп жүргендей, қалада тұрған оюы бар бағдаршамдар жол-көлік оқиғасынан кейін құбыр тіректері ішіне кіріп, майысып, жарамсыз болып қалады. Сондай жағдай болмас үшін мен қондырғыма ұзақ уақыт тұратын қымбат құбырларды пайдаланғым келеді. «Г» тәріздес «зебра» қондырғысының біреуін жасауға қажет материал құны 850000 теңгені құраса, жұмысына 650000 теңге, барлығы 1500000 теңге жұмсалады. Мақсатым – жобаны елу жылдан астам уақытқа қызмет көрсететіндей етіп жасақтау».

Бұл пилоттық жоба болғандықтан, автор әзірге оны өз құнына (за себестоимость) жүзеге асырмақшы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

125470815 3758755344175221 8167035266084731511 n
125993080 3758756370841785 7316605512141918023 o
125870841 3758756184175137 8258768987341365271 n
125881311 3758755384175217 7081515563721049561 o

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған