Индер ауданында жеті ауылда авто жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

0 10 Жаңалықтар

Қазіргі таңда аталмыш бағыттағы жұмыстарға 1486 адам тартылған.

«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Көктоғай, Елтай, Есбол, Ақтан және Қызылжар, Индербор кенті бойынша 70,4 шақырым автокөлік жолдары,  51,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1486 адам, оның ішінде жұмыссыздық есебінде тіркелгендерден 742 адам тартылды» деп атап өтті спикер Мейірім Қалауи.

img 20210203 wa0041

Еске сала кетелік, Индер ауданы бойынша  барлығы 453,6 км автомобиль жолы бар. Оның 82 шақырымы республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолы.

Жалпы ұзындығы 149,7 шақырым болатын «Атырау – Индер» және «Индер – Қарабау» облыстық маңызы бар автомобиль жолының «Индер – Атырау» бағытындағы  63 шақырым жолы асфальтталған. Қазіргі таңда  «Индер – Қарабау» тас жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз