Жарнама
Жаңалықтар

Атырауға Астрахан облысының білім және ғылым министрлігінің жетекші өкілдері келді

Атырау облысына әріптестік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Астрахань облысынан бір топ делегация келді. Делегация құрамында білім беру саласының жетекші мамандары да бар.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде өткен кездесуге облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова, Астрахан облысы білім және ғылым министрлігінің кадрлық, білім беру және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Ольга Тартакосвкая, университеттің креативті индустрия орталығының басшысы Сәбит Мұханов, ғылым және инновация жөніндегі проректор Ринат Исқақов, мұнай-химия инженериясы және экология институтының деканы Асылбек Қанбетов қатысты. Кездесу барысында кадр дайындау, бірлескен ғылыми зерттеулер, білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мәселелері сөз болды.

aeeebbec 5aa2 4d93 997f e26b5cab6195

– Бұл іссапарда мектеп, колледж, университеттермен танысып, кәсіптік бағдар бойынша бірлескен іс-шаралар векторын анықтауды мақсат тұтып отырмыз. Атап айтқанда екі облыстың түлектері білім беретін мекемелер туралы мәлімет алып, оқуға ниет білдіргендер болса оларға көмектесуді көздейміз. Бұдан басқа, тәрбие жұмыстары бойынша бағытқа да назар аударып отырмыз. Осы арқылы педагог-психологтарды тағылымдамадан өткізу секілді өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Атырау облысында білім беру мекемелеріндегі педагогикалық құрамның жүйелі түрде жұмыс істеп жатқаны қуантады, — деді Ольга Тартакосвкая.

Алмас ҚАБДОЛОВ,

суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button