Жарнама
Жаңалықтар

Индер ауданында жаңа 17 құрылыс нысанын салу қолға алынды

Atr.kz/23 қыркүйек, 2019 жыл. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Индер ауданында жаңа 17 құрылыс нысанын салу қолға алынды.

Бағдарлама ауқымын кеңейту арқылы аудандағы инфрақұрылымдық проблемаларды оңтайлы шешуге мүмкіндік мол. Қазір елді мекендерде жаңа жұмыс күшін құру міндеті тұр. Экономикалық белсенді халықтың жартысынан көбі вахталық әдіспен мұнай-кен орындарында жұмыс жасайтын аудан үшін бұл өте маңызды. Осы мақсатта ауданның жерасты қазба байлықтарын ауыл шаруашылығына, логистика мен туризмге қолайлы пайдалана отырып, кәсіпкерлікті одан әрі дамыту жоспарлануда.

 Индерде тұз зауытын кеңейту жұмыстары басталып, жыл аяғында 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Туризмді дамыту үшін тұзды көл маңынан шипажай, қонақүй салу жоспары бар. Белоруссиялық инвесторлармен цемент өндірісін іске қосу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. «Индер-Мақат» теміржолын инвесторларға беру арқылы қайта жарақтандырудан өткізілмек.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ, Индер ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button