ЖаңалықтарШаһар шырайы

Бұқарамен біте байланыс

Атырау облысына әкім болып Нұрлан Ноғаевтың тағайындалғанына көп болған жоқ. Жақсы көргенін аса байқатпай ішінде сақтайтын, сынды көбірек айтатын бұл әкім туралы ел жақсы лебіз айтады.

nogaev_325346

Өйткені, ол кісі тағайындалғаннан кейін  Жер мәселесі бойынша Исатай-Махамбет алаңына шыққан жерлестерімізге басу айтып, сабырға шақырғанынан-ақ оның парасат-пайымын байқадық деуге болады.

Мен облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетін тұрақты оқып отырамын. Сонда Нұрлан Асқарұлының үнемі іс басында жүретінін байқаймын. Мәселен, шілденің ми қайнатқан ыстығында алыс жатқан Құрманғазы ауданын аралап, ірі қарадан ауру шығып,  шығынға ұшыраған бұқара халыққа қолдау білдірді. Сонау Азғыр бойын аралап, ондағы елдің тірлігін көзімен көрді, жолдың жағдайын да байқады.

Сонымен қатар, «ел ертеңі – ұрпағында» деп, жастармен де кездесіп, ақыл-кеңесін айтып жатыр. Жастар арасындағы көкейкесті мәселелерді де талқыға салып, көңіл қоя тыңдады. Мен атыраулық қариялар атынан өңір басшысына сәттілік тілеймін, ризашылық білдіремін.

Құрмет  НҰРСАРИЕВ,

ішкі істер қызметінің ардагері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button