ЖаңалықтарБілім
Индер ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 22 маман көтерме жәрдемақы алды
«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«2020 жылы 22 маманға 6 млн. 111 мың 600 теңге көтерме жәрдемақы төленді. 9 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 37 млн. 503 мың теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Олардың қатарында денсаулық сақтау және білім беру саласының жас мамандары бар» деді Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи.
Еске сала кетелік, өткен жылы Индер ауданының медицина саласы 13 дәрігер маманмен толықты. Әлі де 14 маманға қажеттілік бар.