ЖаңалықтарҚоғам
Индер ауданындағы көпір жөнделеді
Осыдан жеті жыл бұрын Индер ауданында ұзындығы 634 метр көпір пайдалануға берілген еді. Бүгінде ол ескіріп, әбден тозығы жетті.
Жақында оны жөндеу ісі қолға алына бастады. Бұл бағытта 13 миллион теңге бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстарымен мердігер мекеме «АлашКомпани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналыспақ. Жөндеу барысында жол төсемдері жаңартылып, жол жиектері ауыстырылатын болады.
«Атырау-Ақпарат»