ЕGov Mobile қосымшасынан нотариус кеңесін алуға болады

4bf7c174 b669 4a56 a11e 983e968e1b76 Жаңалықтар

Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп eGov Mobile мобильді қосымшасында «Нотариаттық онлайн консультация» сервисін енгізді.

ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құрал болмақ.

«Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар кез-келген сұрақтарға жауап береді. Бұл уақытты үнемдеуге және уақтылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», деп атап өтті вице-министр.

Жобаның мақсаты – нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру.

Қызметті алу үшін:

1. «eGov Mobile» қосымшасына кіру керек;

2. Е-нотариат бөлімінде «Онлайн кеңес алу» қызмет түрін таңдап, өтінімді толтыруыңыз қажет;

3. Кеңес алу үшін бейне қоңырау арқылы қажетті сұрағыңызды қоясыз;

4. Банктердің мобильді қосымшалары арқылы 1 АЕК мөлшерінде нотариустың қызметін төлеу керексіз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз