Ел экономикасының елеулі саласы

Ел экономикасының елеулі саласы Жаңалықтар

Атырауда да машина жасаушылар күні өз деңгейінде аталды. Кәсіби мерекеге орай, кеше облыстық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Сала мамандарын құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев үздіктерді марапаттап, Алғыс хаттар табыстады.

%d0%b5%d0%bb-%d1%8d%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%be%d0%bc%d0%b8%d0%ba%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%83%d0%bb%d1%96-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8b

– Машина жасаушы кәсіп-орындар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тұрғындарды жұмыспен қамтып, ел экономикасын көтеруге зор үлес қосты. Бүгінде облысымыздың 1114 тұрғыны осы салада еңбек етуде. Соңғы үш жылда машина жасау саласындағы өнеркәсіп өнімі 9 млрд. теңгеден 22 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ал, былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық өнім өндірілді. Бұл ретте Атырау облысының әлеуеттілігі жоғары екендігін атап өткен жөн. Біздің  өңірде мұнай өндіру мен өңдеу кәсіпорындарына қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсынуға  мүмкіндік мол, – деді ол.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде осыған дейін құны 18,5 млрд. теңге болатын жеті жоба іске асырылып, 697 жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы да тағы 157 жұмыс орны ашылып, құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын төрт жоба жүзеге асырылмақшы. Атап айтқанда, «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің роботтық дәнекерлеу әдісімен металл құрылымдар шығару өндірісі қолға алынбақ. «Қазақстан Интергрейтед Сервисез» ЖШС тығыздағыш төсемдер жасап шығаруды жолға қойды. «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-нің оптикалық кабель шығару зауыты өндірістік қуаттылығын арттыруды көздеп отыр. «Centech» ЖШС-нің кабельдік науа және электрлі қалқан шығаратын зауыты іске қосылмақшы. «КАЗЭЛЕКТРУМ өндірістік кешені»  электрлі-техникалық жабдықтар өндірумен айналыспақ.

Олардан бөлек, ірі көлемді және ауыр қондырғылар жасаушы «Атыраумұнаймаш» кәсіпорны, «ШевронМұнайГазИнк» компаниясының құбыр зауыты, «ҚазТурбоРемонт» газ-турбиналық қондырғылар мен жабдықтарды жөндеу зауыты, сорғылар, нығыздамалар және бекіту-реттеу арматурасын шығаратын «Flowserve» ЖШС, әртүрлі нығыздағыш және аралық жалғағыш төсемдер жасайтын «NOVUS SEALING» зауыты жұмысшыларының еңбегі зор.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 Суретті  түсірген:

Ерлан  АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз