Жарнама
Жаңалықтар

Имамның сөзі ой тастады

 Есепте тұрған сотталғандардың теріс ағымдарға түсудің алдын-алу» тақырыбында Индер ауданында жазасын өтеушілердің қатысуымен «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиевпен кездесу өтті. Жиынды Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Индер аудандық пробация қызметі ұйымдастырды. Сынақ мерзімі ішінде сотталғандардың қайталап қылмыс жасамауы және құқық бұзушылыққа жол бермеуі мақсатында өткен шарада бас имам Ералы Жұбанұлы ислам дінінің ерекшеліктері жөнінде кеңінен түсінік берді. Дәстүрлі дініміздің адамзатты ынтымақтастыққа, өзара түсіністікке, сүйіспеншілікке және ата-ананы ардақтап, сыйлауға, Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінің басым көпшілігі бірлік пен бауырмалдыққа шақыратындығын кеңінен айтып берді. Бүгінде өзекті мәселеге айналған жат ағымдарға алданып, адасушылықтың алдын алу мақсатында уағыз айтылды. Шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды. Кездесу соңында жиналғандарға мешіт атынан діни кітапша таратылды.

А.МЕРГЕНҒАЛИ, Индер аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button