Бес айда 19,5 млн тонна мұнай өндірілді

1559216474 big 26d013d67c9174c5b399d02a34429736 Жаңалықтар

Бес айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,2 трлн. теңгені құрады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Республика өнеркәсібіндегі Атыраудың үлесі 22,7%-ды құрайды. Өңірде 19,5 млн. тонна мұнай мен 10,2 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп отыр. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 244,5 млрд. теңгені құрады. «АМӨЗ» ЖШС-і 2 095,9 мың тонна мұнай өнімдері өңделді, – деді спикер.

Сондай-ақ, биыл Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 837 млрд. теңге болатын бес жобаны жүзеге асырып, 560 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн. 15 млрд. теңгені құрады.

Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз