«Имам» атын жамылып, оқушы қызды жүкті еткен қарағандылықтың азғындық әрекетіне қатысты мүфтият өкілдігі пікір білдірді

0 29 Жаңалықтар

Қарағанды облыстық Әнет баба мешітінің мәлімдеуінше, өзін «имам» етіп тағайындап алған адам мешіттерде жұмыс істемейді деп хабарлайды Atr. kz

«Қарағанды облысындағы азамат ресми имамдық қызметте болмаған. 2017 жылы аталған өңірге қарасты ауылдағы мешітте сынақ мерзімі аяқталғанша уақытша молдалықпен айналысқан. Сынақ мерзімі кезінде білімінің тиісті деңгейде болмауына байланысты қызметке қабылданбаған» делінген Әнет баба мешітінің «Фейсбук» желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жазбада.

Сондай ақ, жазбада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының адам тағдыры мен өмірін бүлдіретін азғындық әрекеттің кез келген түріне түбегейлі қарсы екендігі айтылған.

«Азғындыққа жол берген адам ауыр күнә арқалайды. Кісінің ары мен намысына қиянат жасаған кез келген азамат заң нормалары аясында қатаң түрде жазалануы тиіс.

Екіншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кез келген дін қызметкерін жұмысқа қабылдаудан алдын арнайы аттестациядан өткізеді.

Сараптау комиссиясының оң қорытындысын алмаған азамат ҚМДБ қызмет жүйесіне жұмысқа қабылданбайды. Әлгі адамға қатысты талқыланып жатқан жазбаларда «имам» сөзі қолдануда. Әлеуметтік желі қолданушыларын мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ақпарат таратпауды сұраймыз» делінген жазбада.

Еске сала кетелік, бұған дейін Қарағанды облысында 7-сынып оқитын мектеп оқушысының дін қызметкерінің атын жамылған адамнан жүкті болып, жасанды түсік жасатқаны туралы хабар тараған еді. Қазіргі уақытта бұл іспен Қарағанды полициясы айналысып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз