Т.АМАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

2022 06 25 071912675000 Қоғам

БАҚ қызметкерлері күніне арналған турнирдің ашылу салтанатын облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев кәсіби мереке иелерін құттықтады.

– Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызда алатын орны ерекше. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірдей, елдегі оң өзгерістер мен түйткілдерді дер кезінде ел назарына ұсынуда қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Үнемі салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, бүгін, міне, төл мерекелеріңізде спортпен айналысудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетіп отырсыздар. Мереке тұсында сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып, бүгін шын мықты жеңіске жетсін дегім келеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бас редакторлар клубының жетекшісі Жанай Амантурлин осы шараға мұрындық болып отырған облыс басшылығына ризашылық білдірді.

– Жақында ғана «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ішкі спартакиадасы өтсе, бүгін облыс басшылығының қолдауымен БАҚ қызметкерлері арасында волейболдан турнир және футзалдан Т.Амандосов атындағы кубок үшін болатын додаға жиналып отырмыз. Барша әріптестерге сәттілік тілейміз, – деді Жанай Амантурлин.

Шараның ашылу салтанатында ардагерлер командасын бастап келген журналист Қаршыға Көшеков те жылы лебізін білдірді. Айта кетейік, жарыста 11 команда бақ сынайды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз