Мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып өтті

f9ba9391 28f0 411f b449 40486c529689 Қоғам

     Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бері халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні аталуда. Елімізде осындай жандарды барынша қолдау мен қорғауға арналған шара мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде жүзеге асуда. 

     Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып, оларға мерекелік дастархан жайылды. Өздерінің өмір сүру қалпын шектемей, қоғамда орын алатын барлық іс-шараға белсене қатысып жүретін оларды бүгінде бәрі біледі. Сонымен бірге әлеуметтік қорғау саласын дамытуға үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, еріктілер және белсенді адамдар да өз үлестерін қосуда. 

99a2d99c 020d 4f26 808d b8898bdce730

     Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен орайлас өткен шараға Атырау қалалық және аудандық жұмыспенқамту бөлімдері мен арнаулы әлеуметтік қызметкөрсету орталықтарының басшылары да қатысты. Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Азамат Мәмбетов шараға жиналған мүмкіндігі шектеулі жандарды атаулы мерекемен құттықтап, оларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Лиза СЕЙТІМОВА

Суретте: шарадан көріністер

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз