Жарнама
Жаңалықтар

«Идеал Маркетке» 400 миллион теңге не үшін бөлінді?

Аtr.kz/12 мамыр, 2020 жыл. Белгілі болғанындай, 400 миллион теңге азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін бөлінген.

 
Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс орталығындағы әмбебапмаркет, көтерме базарлардың бағасын тексеріп, бағаны жөнсіз өсірмеуді тапсырды, — деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.   


Аймақ басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеудің нақты механизмдері жасалған.

Атап айтқанда, «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Идеал Маркет» ЖШС-не 400 млн. теңге несие бөлді. Жасалған келісімге сәйкес, «Идеал Маркет» әлеуметтік маңызға ие 15 тауар түрін төмен бағада сатады» — деді «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының директоры Дмитрий Дю.

0 1

Бұл тізімге күріш, қант, макарон өнімдері, қарақұмық, күнбағыс майы, сары май, нан, айран, сүзбе, тауық жұмыртқасы, сиыр еті және басқа да өнімдер кіреді.


Айта кетелік, «Идеал Маркет» сауда кәсіпорнының аймақта 36 супермаркеті бар. Оның ішінде 33 нүктесі Атырау қаласында, 3 нүктесі Жылыой, Индер аудандарында орналасқан.
Келер жылы тұрақтандыру қорына 915 тонна көкөніс (яғни,  500 тонна картоп, 150 тонна пияз,  115 тонна сәбіз және 150 тонна орамжапырақ)  сақтау жоспарланып отыр. 

0 6
0 5

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button