Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ

«Құрылғанына биыл 10 жыл толған халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков құттықтап, марапаттады»,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов орталықтар жұмысын алғашында небәрі 61 қызметкермен ғана бастағанын айтады. Ал қазіргі кезде мамандар саны 190-ға жуықтаған. Олар бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді, жұмыс берушілер мен азаматтарды еңбек нарығынан хабардар етеді, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға несие мен грант ұсынады. Бұған қоса, жұмыс іздеген жастарға, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп шыққандарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға психологиялық қолдау көрсетеді. Кімнің қандай жұмысқа қабілеті барын да анықтайды.
«Орталықтардың көмегімен бұрын жыл сайын 10 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасса, қазір бұл көрсеткіш 20 мыңнан асты. Жыл сайын 15 мыңнан астам адам тұрақты, ал, 7 мыңнан астамы уақытша жұмыспен қамтылады»,-деді Азамат Мәмбетов.

Осындай жұмыстардың басы-қасында жүрген Атырау қаласы мен аудандардағы орталықтардың қызметкерлері облыс әкімі мен облыстық Мәслихат хатшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button