Лифтідегі қарияны соққыға жыққан азғындар елдің ашуын тудырды

i 1 Жаңалықтар

Желіде қарияны лифтіге кіргізіп, аяусыз соққыға жыққан азғындардың видеосы пайда болды. Видеодан олардың егде тартқан кісіне ұрып-соғып, сөмкесін тарып алып қашып кеткені көрінеді.

i

Оқиға тұрғын үй подъездерінің бірінде болған. Екі жігіт лифт күтіп кұрған қарияның жанына келіп, лифт ашылған кезде оны кіргізіп, соққыға жыққан. Олар қарияның қолынан сөмкеге ұқсас затты алған соң, оқиға орнынан тайып тұрады.

Есін әзер дегенде жиған қария олардың артынан жүгіре жөнеледі. Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз, себебі болған жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видеодағы көріністі тамашалаған желі қолданушылары қылмыскерлерді айыптап, оларды жазалау керектігін айтты.

https://www.instagram.com/p/BSflqvMAqWO/

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз