Жарнама
Жаңалықтар

Халықаралық стандартқа сай туристік гидтер Атырауда даярланды

Туризм – тек экономикалық табыс көзі емес, бұл – мәдениетті насихаттаудың, елдің имиджін қалыптастырудың маңызды құралы. Ал сапалы гид – сол үдерістегі басты тұлға.
Атырау облысында алғаш рет өткізілген туристік гидтерге арналған кәсіби оқыту курсы өз мәресіне жетті. Бұл – өңір туризмінің дамуына серпін беретін маңызды оқиға болды. Оқыту бағдарламасы Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясының (WFTGA) әдістемесіне негізделіп жасалған және халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкес жүргізілді.

27bf0fc6 6065 44bc 9ff4 0efca3947c31

Курс барысында тыңдаушылар туристік бағыттағы заманауи трендтермен, клиенттермен жұмыс істеу мәдениетімен, гид қызметінің этикасы мен жауапкершілігімен, сондай-ақ жергілікті және халықаралық туризм саласындағы тәжірибемен танысты. Жаттықтырушылар қатарында шетелдік сарапшылар мен отандық кәсіби мамандар болды.
Бағдарламаға қатысушылар теориялық біліммен қатар, практикалық сабақтар арқылы өз дағдыларын жетілдірді. Олар нақты туристік нысандарда экскурсия жүргізуді үйреніп, шынайы жағдайларда біліктіліктерін сынады.

3b8a84c1 ebf3 42e9 9e8e f1da63e9d817

Курстың қорытындысында барлық тыңдаушыға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды. Салтанатты жиынға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов қатысып, курс түлектеріне сәттілік тіледі.

– Бұл курс – тек білім беріп қана қоймай, тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға жол ашқан ерекше бағдарлама болды. Құрметті әріптестер, бүгінгі күн – жаңа мүмкіндіктер мен болашақ жетістіктердің бастауы. Сіздерге кәсіби жолда табыс, шабыт пен белсенділік тілейміз! Туристік бағыттағы сапалы қызмет – өңіріміздің дамуына қосқан үлкен үлес, – деді ол.
Бұл бастама аймақтағы туризм саласының дамуына, туристік әлеуеттің артуына және өңірдің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етпек. Алдағы уақытта осындай курстардың дәстүрлі түрде ұйымдастырылуы жоспарланып отыр.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button