Бекіре тұқымдастарға «төлқұжат» беріледі

WhatsApp Image 2019 06 10 at 12.39.58 1 Жаңалықтар

Atr.kz/10 маусым, 2019 жыл. Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтар үшін генетикалық паспорттар жасақталып жатыр. Бұндай жұмыстар бірнеше жыл жүргізілуде.

Негізгі мақсаты: бекіре тұқымдастардың миграциялық жолдарын зерттеу, сондай-ақ, табиғи және жасанды популяция деңгейін анықтау.

– Әрбір ұсталған тұқым беруші балыққа және жас балыққа мамандар генетикалық паспорт жасайды. Соның арқасында кейінірек, балықтың қайдан келгенін, «ата-анасы» кім екенін, қай зауыттан шыққанын немесе табиғи жолмен пайда болғанын анықтай аламыз. Сөйтіп, әрбір елдің, әрбір зауыттың бекіре тұқымдастарды қалпына келтіру үдерісіне қосқан үлесі де белгілі болады,-дейді «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Атырау филиалының директоры Ерболат Қадимов.

​Е.Қадимовтың айтуынша, шабақтардың өміршеңдігі туралы нақты ақпараттың болмауы – бекіре зауыттары бар Каспий маңы мемлекеттері үшін ортақ проблема. Қазір сыналып жатқан гендік – молекулярлық талдау әдістемесі болашақта жасанды және табиғи популяция арасындағы айырмашылықты ажыратып алуға мүмкіндік береді.

​Жергілікті екі бекіре зауыты 20 жылда бекіре, қортпа, щоқыр сияқты балықтардың жүз миллионнан астам шабағын теңізге жіберген екен. Егер, қортпа 17-18 жаста жыныстық тұрғыдан ересек балыққа айналатынын ескерсек, кезіндегі шабақтардың қазір уылдырық шашуға шығуы әбден мүмкін.

WhatsApp Image 2019 06 10 at 12.39.58
WhatsApp Image 2019 06 10 at 12.39.57

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз