Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Халықаралық бақылаушылар – Атырауда

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан ҚР Президенттігіне үміткер Дәния Еспаеваның аймақтық штабында еліміздегі кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі комиссия өкілдері болды.

Ұзақмерзімді даниялық және қырғызстандық бақылаушылар партия филиалының төрағасы Ермекқали Юсуповпен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының жүру бағыттарымен танысты. Өздерін толғандырған көптеген сауалға нақты жауап алды.

Сондай «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамында ҚР Президенттігіне үміткер Дәния Мәдиқызының сенімді өкілдері жұмысшылармен кездесті. Кездесуде аталған компанияның директорлар кеңесінің мүшесі мен «Ақ жол» партиясы филиалының төрағасы алдағы сайлаудың өту барысын пысықтады.

Партияның саяси жетекшісі Әбілхан Төлеуішов үміткерлердің өмірбаяны және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Әсіресе, ондағы басым бағыттар –Тәуелсіздікті тұғырлы ету, кәсіпкерілкті дамыту мен қолдау, бәсекелестік орта қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіру жайына ерекше назар аударды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button