Хадистерді жатқа айтты

аааа 1 Жаңалықтар

Барша мұсылман қауымы үшін, аса қайырлы саналатын «Мәуліт» мерекесіне орай, «Иманғали» орталық мешітінде ерлер жамағаты арасында сайыс өтті. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) жеткен хадистерді жатқа айтып, Алла елшісінің (с.ғ.с) өмір жолы туралы кеңінен мағлұмат беруге арналған кешті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша Жастар бөлімінің жетекшісі Арман Урумбаев ашып, мұндай шаралардың ислам құндылықтарын насихаттауда маңызы жоғары екендігін атап өтті.

%d0%b0%d0%b0%d0%b0%d0%b0

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте, сайыстың екі бөлімнен тұрғандығы айтылады. Бірінші бөлімде жас жамағат «Фирдаус», «Ахнаф», «Мухаджир», «Ансар» атты төрт топқа бөлініп, білімдерін сарапқа салды. Негізінен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолы,  ислам тарихы туралы қойылған сұрақтарға «Фирдаус» тобы белсенді жауап беріп, бірінші орынға ие болды.

0060-1

Екінші бөлімде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін жатқа айтудан онға тарта шәкірт сынға түсті. Нәтижесінде Сырым Жақсылықов бас жүлдені иеленді. Сайыс барысында үздік өнер көрсетіп, хадис жаттау, оны мәнерлеп айту шеберліктерімен көзге түскен жастарға «Пайғамбар (с.ғ.с.) және төрт халифаның өмірбаяны» сынды аса құнды кітаптар тарту етілді.

0060-2

Айта кеткен жөн, «Мәуліт» мерекесіне орай, жексенбі күні «Иманғали» орталық мешітінде әйел жамағатына арналған кеш өтеді.

0060-13

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз