ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ – басты талап

pragn 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. Карантин кезінде қала тазалығына жауапты бірденбір құрылым – «Арнаулы көлік базасы» акционерлік қоғамы да жұмыстарын төтенше жағдай талаптарына сәйкестендіруде.

Бүгінде мұнда үш жүз адам, екі бригада және бірнеше бірлік арнаулы автокөлік күнделікті тазалық жұмыстарымен айналысуда. Жоспарлы жұмыстардан бөлек, олар аты жаман аурудың алдын алу бағытындағы дезинфекциялық іс-шараларды да атқаруда. Қазірде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдайтын көліктер тәулігіне 2-3 мәрте рейске шығады.

Өкінішке қарай, карантин тәртібінің күшейтілуі себепті, тұрғындардың үнемі дерлік үйлерінде болуынан далаға шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі шамадан тыс көбейіп кеткен. Оның үстіне жеке
леген үйлерде (пәтерлерде) жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен одан шыққан қалдықтар қосылады. Соның салдарынан жұмыс жүктемесі де артқан.

Кәсіпорынның баспасөз хатшысы Ирина Козонованың айтуынша, қазірде полигонға тасымалданған қоқысқалдықтарды сұрыптау зауытының жұмысы уақытша тоқтатылған. Тазалықпен қоса, жұмысшықызметкерлер шаһардағы 150-ге жуық автобус аялдамасына (оның ішінде, жабық павильондар да бар), 700-ден астам контейнер алаңшасына және контейнер жәшіктерінің өзіне дезинфекциялық жұмыстар жүргізеді. Мұның сыртында, осыннан төрт және «West dala» компаниясынан бөлінген бір машина қала көшелерінде осындай шаруамен шұғылданады.

Сондайақ, қаладағы көпірлер, орындықтар, суағарлар мен жолдардың жиектастарын жуып-тазалап тұру да осы мекеменің міндетіне кіреді. Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қарамастан, кейбір қала тұрғындарының тазалық мәселесінде салғырттық танытуы еңбекті еш кетіріп, келеңсіз көріністердің туындауына себепші болуда.

Мәселен, қала іргесіндегі Көкарна ауылында азық-түліктен босаған үлкенді-кішілі қораптардан, жол-жөнекей лақтырып тасталған көліктің дөңгелектері мен құрылыс материалдарының қалдықтарынан аяқ алып жүргісіз. Сол сияқты, СМП-136 мөлтекауданындағы бір үйдің маңында тұрған бірнеше контейнер қоқысқа толы күйінде өртелген. Соның салдарынан, олар енді пайдалануға жарамсыз болып қалған. Дәулетқали АРУЕВ

Дәулетқали АРУЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/alaqandaj-auyldan-shyqqan-ush-deputat-3-enbegimen-tanylgan-gali%d1%8f/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз