Елі ардақтаған абыз АтМГУ-дің Құрметті профессоры атанды

леуметт¦к жауапкерш¦л¦к 1 Жаңалықтар

Жақында ғана 85 жасқа толған белгілі қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Есен Тасқынбаевты еңбек ұжымдары мен оқу орындарында ұлықтау шаралары жалғасуда.  Мерейгердің құрметіне кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мен конференциялар көптеп ұйымдастырылуда.

__леуметт¦к жауапкерш¦л¦к

Сондай әсерлі кездесудің бірі Атырау мұнай және газ университетінде болып өтті.

Экономиканың маңызды саласы үшін маман кадрлар дайындайтын іргелі оқу орны студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамымен болған кездесуді университет ректоры Әли Әбішев  ашты. Ол мерейтой иесін құттықтап, университет жастарымен өткізіліп отырған бұл кездесудің ерекше маңызға ие екендігін айтты.

Жарқын істер мен дәс-түрлердің, ұрпақтар сабақтастығының  бір көрінісі іспеттес шарада мерейгердің досы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ұзан Ысқақов сөз алды. Соңғы онжылдықта Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінде ұстаздық қызметтегі Ұзан Молдашұлы өзінің сыйластық, достық қарым-қатынасының парақтарын ақтарып, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған досы Ғаділбек Мусиннің де мерейгер туралы айтар әңгімеcі мен шертер сыры  жетерлік екен. Мейман ардақты азаматтың адамгершілік қасиеттеріне, жан жары Ермек Алдиярқызымен сыйластығына, жанұялық өмірі мен бала тәрбиелеудегі ерекше ұстанымына тоқталды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов 80-ші жылдары Индер аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметінде жүрген кезінде Есен Тасқынбайұлының араласуымен  шаруашылық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі табандылығын тілге тиек  етті.

Профессор Владимир Яшков торқалы той иесінің жас мамандарға сенім артып, қызмет баспалдағымен жоғарылауына үлкен септігі тигендігін еске түсірді.

Кездесуді қорытындылаған университет ректоры, профессор Әли Әбішев қазыналы аймақтың дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін ғылыми кеңестің шешімімен білім ордасының бір оқу корпусына Есен Тасқынбайұлының есімін беру жөніндегі қуанышты хабарды жариялады. Мерейгерге Атырау мұнай және газ университетінің Құрметті профессоры атағын беру туралы диплом тапсырылды.

Кездесуде сөз алған АтМГУ-дің құрметті профессоры Есен Тасқынбайұлы өзіне көрсетілген зор құрмет пен ілтипат үшін оқу орны ұжымына ризашылығын білдіріп, маман-кадрлар дайындаудағы қызметтеріне сәттіліктер тіледі.

Бақытжан Жұмат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз