Гуманитарлық көмек қоры толығуда

img 20240330 wa0129 Жаңалықтар

Өңірден жөнелтілетін гуманитарлық көмекке Атырау облысы бойынша іскер әйелдер кеңесі және оның жанынан құрылған Дизайнерлер қауымдастығы мен Жас қанаты да жұмыла кірісті.

Олардың атынан күнбағыс майы, макарон өнімдері сияқты азық-түлік штабқа жеткізілді. Штаб еріктілері алғыстарын айтып, жеткізілген тауарларды сұрыптады.
Айта кетейік, жиналып жатқан гуманитарлық көмек Ақтөбе мен Қостанай облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жөнелтіледі.


Малика ТӘКЕЖАНОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз