Қаланы неге жағымсыз иіс жайлады?

i 7 Жаңалықтар

Атырау қаласының тұрғындары біздің редакциямызға хабарласып, қала көшелерінде жанармайға ұқсас жағымсыз белгісіз бір иіс жайлағанын айтып, дабыл қағуда. Осыған орай, облыстық экология департаментіне хабарласқанымызда, ондағы мамандар бұл іске қатысты қазір сараптамалық-талдау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

i

– Оның нәтижесі шықпай, дөп басып бірдеңе деп айту қиын. Мәселенің анық-қанығы көп кешікпей белгілі болады, – дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Қанат Қалмахан.

Бұл мәселені біздің редакциямыз назарда ұстайтындығын, толық ақпаратты алдағы күндері жариялайтындығымызды хабардар етеміз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Әли

    Жағымсыз иіс өз алдына, әбден бас ауыратын болды. Әсіресе, түнгі мезгілдерде үйдің терезесін ашып жату мұң болды. Қазір қайта күннің ыстығы басылды. Ыстық күндері тек салқындатқыштың көмегімен демалып жүрдік…

  2. Мейіржан Рахым

    Атыраудың экологиялық жағдайы өте нашар. Сондықтан, денсаулыққа тигізген зияны үшін азаматтарға қосымша ақы төленуі керек.