ЖаңалықтарМәдениетШаһар шырайы
Global Oil&Gas Atyrau көрмесі өтуде
Бүгін Атырауда Global Oil&Gas Atyrau халықаралық көрмесі ашылды.
«Көрменің негізгі мақсаты — мұнай-газ кешені кәсіпорындарын қолдау және дамыту, мұнай-газ саласына инновациялық технологиялар мен инвестициялар тарту. Мен көрме қатысушыларының өз қызметтеріне жаңа тұтынушылар табатынына сенімдімін. Көрме аясында пайдалы ақпарат алмасылып, әр компанияның серіктестер ортасы кеңеймек», — деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Биыл көрмеге Ұлыбритания, Беларусь, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Татарстан елдерінің жүзден астам компаниялар қатысуда.
Шара үш күнге жалғасады. Айта кетейік, AtyrauBuild 2018 құрылыс және интерьерлік көрмесімен бір уақытта өтіп жатыр.
Хорлан Смадияр