
ЖаңалықтарҚоғам
Геолог селолық округінде жаңа балабақша ашылды (ФОТО)
Геолог селолық округінің Бірлік ауылында «Балақай» атты №35 бөбекжай пайдалануға берілді. Ол — 12 топқа жіктелген 280 баланы қамтиды.
Мұнда мектепке дейінгі оқу-тәрбие ісімен қоса, саз үйірмесі, дене шынықтыру залдары мен медициналық блоктар да қарастырылған. Балаларға арналған жиһаздар, заманауи ойын құралдары олардың ой-өрісін дамытуға өте қолайлы.
Мұнда жұмысқа қабылдануы тиіс жүзге жуық қызметкердің 28-і Атырау қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасы арқылы алынған.
Амандық АБДОЛ