"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!Жаңалықтар
Газетке жазылу жүріп жатыр…
Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл. Ауылымыз шалғайда орналасса да, біз облыс көлеміндегі ақпараттарды дер кезінде алып, хабардар болып отырамыз. Оған бірден-бір себеп – облыстық «Атырау» газеті.
Жыл соңында газетке жазыламыз. Бұл – бірнеше жылдар бойы қалыптасқан, айнымайтын үрдіс. Биыл да баспасөз науқанына атсалысу – жоспарлы істің бірі. Өзім басшылық ететін «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің 60 қызметкерін де өңіріміздің бас газетімен қамтамасыз етуді көздеп отырмын. Белгілі кәсіпкер Төкен Танаұлының бастамасын қолдап, облыстық газетке жазылушылар санын көбейтуге үлес қосайық!
Сабыржан СҰЛТАНОВ,
«Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты,
Құрманғазы ауданы