Жарнама
Жаңалықтар

Айбар – алғашқы дауыс беруші

    Атырау қаласындағы №57 сайлау учаскесі «Балықшы» ықшамауданындағы облыстық халық шығармашылығы орталығының ғимаратында орналасқан. Сайлау учаскесіне бас сұққанымызда мұнда саяси науқанға тыңғылықты дайындық жасалғанын байқадық. Көңілді әуен келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап тұр.

    Учаске өз жұмысын таңғы сағат 7.00-де бастап кетті. Сайлау комиссиясының төрағасы Бақытбек Сартбаевтың айтуынша, округте барлығы 2408 сайлаушы бар. Біз келгенде учаскеде байқаушы ретінде 5 адамның тіркелгенін білдік.

    Алғашқы дауыс беруші де көп күттірмеді. Ол «Балықшы» ықшамауданының тұрғыны Айбар Салимов болып шықты. Оның мамандығы инженер екен.

   –Мен үшін Президент сайлауы – ел үшін аса маңызды тарихи күн. Бұл айтулы оқиғадан тыс қалуды жөн санамадым. Сондықтан да ұйқыдан тұра сала бірден сайлау учаскеме жол тарттым. Бүгін, міне, қалаған үміткерімді таңдап, дауысымды беріп, елімнің ертеңі үшін өз таңдауымды жасап тұрмын, — деді 34 жастағы азамат.

    Алғашқы дауыс берушіге комиссия төрағасы Б.Сартбаев Айгүл Үлкенбаеваның шығармалар жинағы топтастырылған үнтаспаны сыйға тартты. Сағат 7-ден 25 минут кеткенде учаскеде 4 сайлаушының дауыс бергені белгілі болды.

Ербол Қошақанов

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button