whatsapp image 2020 03 03 at 08.15.31 2

Газ-химия мамандарын даярлауда қандай қиындықтар бар? (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика

Atr.kz/3 наурыз, 2020 жыл. Атырау мұнай және газ университетінде  «Газ мұнай-химия саласының мамандары» тақырыбында  келелі жиын өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жиынға Қазақстан және жақын шетел жоғары оқу орындары мен коллеждерден келген 200-ге жуық  өкіл қатысты.  Жиынның басты мақсаты-Қазақстанның газ мұнай-химиялық саласы бойынша мамандарды тұрақты дайындау процесін дамыту. Елімізде инновациялық шетелдік технологияларды қолданып,  автоматтандыру жүйесінде үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалану мақсатында мамандарды дайындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Солардың бірі, Өзбекстан еліннен өндірістік тәжірибеден өтіп келген КРІ компаниясында жұмыс атқаратын Әлихан Изимов. 

–    Өзбекстан елінде газ-химиялық зауыты бар. Сол елге барып біздер тәжірибемен алмасып, білімімізді арттырып келдік. Өзбекстан елінде   газ-химиялық зауыты  5-6 жыл көлімінде жұмыс жасап келеді. Біздің сол жақтан алып келген тәжірибеміз елімізде осы сала бойынша  еңбек етуге өз үлесін қосады деп ойлаймын,-дейді Әлихан Изимов.  

whatsapp image 2020 03 03 at 08.15.30 1
whatsapp image 2020 03 03 at 08.15.31
whatsapp image 2020 03 03 at 08.15.30

Қазіргі таңда қызметкерлер Атырау МӨЗ-де тәжірибеден өтіп жатыр. жұмысқа қабылданған  мамандардың 95%-ы жастар.

-Ғылыми орта өкілдеріне Қазақстанның газ мұнай-химиялық саласына химик-технологтарды дайындау үшін  оқу орталығын құру қажет деп санаймын. Барлық мамандарды өндірістік тәжірибеден өткізіп жатырмыз. Жақын елдер,яғни, Ресей және Өзбекстан елдеріне барып, білімдерін жетілдіріп келді. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің газ мұнай-химиялық саласының дамуына септігін тигізетін болмақ, – дейді «ҚазМүнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары, «КРІ» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Тиесов. 

Шара соңында КРІ мен Шуртан ГХК (Өзбекстан) арасында, КРІ мен Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті және КРІ арасында оқу орталығын құры туралы келісімге қол қойылды. 

whatsapp image 2020 03 03 at 08.15.32
whatsapp image 2020 03 03 at 08.15.32 1
whatsapp image 2020 03 03 at 08.15.32 2
whatsapp image 2020 03 03 at 08.15.31 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған