Атырау облысында биыл жас отбасыларға 150 пәтер табысталады

20170512 181129 Жаңалықтар

«Жас Отау» бағдарламасы аясында биыл жас отбасыларға 120 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев мәлім етті.

20170512_181129

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Жас Отау» бағдарламасы аясында кезекті 100 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүруде. «Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 30 пәтерді тапсыру жоспарлануда» деп атап өтті спикер.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз