ГАНДБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ ҮЙРЕТІЛДІ

GANDBOL Жаңалықтар

Аtr.kz/13 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласында орналасқан  Х.Доспанова атындағы № 18 орта мектеп базасында «Гандбол ойынының техникасы мен тактикасын жетілдіру» атты республикалық оқу-практикалық семинары өткізілді.

Республикалық ғылыми-практикалық дене тәрбиесінің орталығы, Қазақстан гандбол федерациясы және  Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы бірлесе өткізген бұл шараға  облысымыздағы  жалпы білім беру мектептерінің дене тәрбиесі пәні мұғалімдері қатысты.

Екі күнге созылған бұл семинар барысында тыңдаушыларға гандболдан облыс құрамасының аға жаттықтырушы Лариса Сирота және «Барыс» ганбол командасының ойыншылары теориялық және практикалық дәрістер өткізді. Семинардың бірінші күнінде  шараға өңіріміздің барлық аудандарынан  77 мұғалім қатысып,  екінші  дәріс күні Атырау қаласының барлық мектептерінен 120  пән мұғалімі білімдерін жетілдірді.

GANDBOL2

Теориялық бөлімде мұғалімдерге қазақстандағы және облысымыздағы гандбол ойынының  дамуы туралы, гандболдың техникалық ерекшіліктері, ойынның негізгі ережелері, төрешілік қағидалары бойынша ақпарат беріліп, сондай-ақ ұстаздарға дене тәрбиесі пәні бойынша гандбол ойынының сабақ жоспары да ұсынылды. Ал, практикалық бөлімінде мұғалімдерге  гандбол ойының негізгі техникалық және тактикалық тәсілдері көрсетіліп, оның соңынан семинарға қатысушылардан құралған командалар арасында блиц-турнир өткізілді.

Шара қорытындысында семинарға қатысушылардың барлығына  Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының және Қазақстан гандбол федерациясының сертификаттары ұсынылды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз