Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-Министр Кеңсесіне басшылық етеді
Atr.kz/19 қыркүйек, 2019 жыл. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды.
Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде дүниеге келді. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1991); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жоғары мектебі, философ (1994).
Еңбек жолы: «Каззапсельпроект» БЖИ корректор (1985); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде көмекші, атташе, үшінші, бірінші хатшы, кеңесші, министр кеңесшісі (1994-2004);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы (2004-2006); Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі (2006-2008); Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2008 жылдан);
Қазақстан Республикасының Латвия, Эстония Республикасы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2009 жылдан); Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2012-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2016-2019).