Жарнама
Жаңалықтар

Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ғалымжан Қойгелдиев Қазақстан Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform. 

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған құжатта.

Ғалымжан Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы, Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің маманы, Сыртқы істер министрлігі аппаратының атташесі, үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

2022 жылғы 16 қарашадан қазірге дейін Бас Прокурор аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button