Атырауда мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

IMG 1944 20 05 17 02 39 Жаңалықтар

Ертең мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бүгін осыған орай облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығында салтанатты жиын өтті.

IMG_1944-20-05-17-02-39

Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, мәдениет саласы ардагерлері мен қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

Атырау қаласында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін ерекше бағалайтынын айтты.

– Егер адамның тәнін дәрігерлер емдейтін болса, жанына сіздер дәрусіздер. Адамның ішкі тұғырының биік болуына, өмірде кездесетін өтпелі қиындықтарға төтеп бере алатын мәдениетті азамат болып қалыптасуына сіздердің еңбектеріңіз зор, – деді облыс әкімі.

Бұдан соң Нұрлан Асқарұлы Алғыс хатын табыстады. Атап айтқанда, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және қалпына келтіру секторының меңгерушісі Толыбай Достыбаев, облыстық мемлекеттік мұрағат басшының орынбасары Баянсұлу Рамазанова, облыстық мемлекеттік мұрағаттың ведомсволық мұрағаттарды қалыптастыру және бақылау бөлімінің басшысы Райхан Нұржанова, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының өнер бойынша әдебиеттер секторының бөлім меңгерушісі   Эльмира Дөкенова мен оқу залының кітапханашысы Софья Мұсағалиева,  облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы тағы басқалары марапатталды.

IMG_1945-20-05-17-02-39

Шара аясында облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов  мәдениет пен өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап,  аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың атынан Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясына жаңа 45 орындық автобус көлігінің кілтін табыстады.

Шарада кезінде мәдениет және өнер саласында еңбек сіңірген ардагерлерге құрмет көрсетіліп, салада қызмет етіп жүрген мамандар алғыс хаттарға ие болды.

Мерекелік шара соңы концертке ұласты. Концертте белгілі әншілер мен ең үздік шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз