Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Ғалымдар мәңгілік өмірдің кілтін тапты…

Аtr.kz/11 мамыр, 2019 жыл. Ұлыбритания ғалымдары аптасына екі рет спортпен шұғылдану мезгілсіз өлім қаупін айтарлықтай азайтатынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости MedicalXpress порталына сілтеме жасап.

Мақалада жазылғандай, көптеген адамдар жұмыс күндері дене шынықтыруға мән бермей, жаттығуды сенбі немесе жексенбі күндеріне қалдырады. Осы уақытқа дейін ғалымдар мұны құптамайтын, алайда ұлыбританиялық мамандар демалыс сайын спортпен шұғылдану ағзаға жағымды әсер ететінін анықтапты.

Ғылыми топ 63 мың адам туралы деректерді саралады. Олардың бәрі аптасына екі рет спортпен шұғылданған: 150 минут байыппен дене жаттығуларын жасау немесе 75 минуттық интенсивті жаттығу. Белгілі болғандай, мұндай физикалық жаттығулар мүлдем спортпен шұғылданбайтын адамдармен салыстырғанда мезгілсіз өлім қаупін 30 пайызға төмендетеді екен.

Бұдан гөрі спортпен жиірек айналысу әрі жаттығу ұзақтығын қысқарту ағзаға жақсы әсер етеді, деп санайды зерттеушілер. Тіпті аптасына 150 минуттан аз дене шынықтырумен айналыссаңыз да, созылмалы сырқаттардың алдын алуға болады екен.

MedicalXpress атап өткендей, енді ғана спортпен шұғылдана бастағандар жаттығу алдында дәрігермен кеңескені жөн. Ең дұрысы, жаттығу ұзақтығын біртіндеп арттыру керек. Бой үйрене бастаған кезде, интенсивті дене шынықтыруға көшуге болады. Мамандардың айтуынша, жаттығу алдында қыздырынып әрі бұлшық еттерді созып дайындалу қажет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button